
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа негізделген тараптардың қатынастары.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына үлестік қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастар, талаптар, құқықтар мен міндеттер «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Бұл ретте, тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу үшін осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып заңды және жеке тұлғалардың ақшасын тартқан тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.жауапты болады.
Маңызды!: Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу белгілі бір жағдайларда: ескертуге, үлескерлердің ақшасын тартуға арналған рұқсаттың қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға, жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға айыппұл салуға әкеп соғады («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 320-бабы).
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:
1) Бірыңғай оператордан кепілдік алу;
2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.
Уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге жол беріледі.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт – уәкілетті компания мен үлескер арасында жасалатын, бір тарап көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға міндеттенетін, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысумен байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты жазбаша нысанда жасалады және жергілікті атқарушы органда оны есепке қойған кезден бастап жасалған болып есептеледі.
Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатының негізінде жүзеге асырады.
Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасу мақсатында жүгінген жеке және заңды тұлғаларға танысу үшін құрылыс объектісі туралы толық ақпарат береді.
Уәкілетті компания осы Заңда белгіленген ақпаратты толық және анық бермеген жағдайда, үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
Шарттар жасасудың және үлескерлердің ақшасын тартудың өзге тәсілдеріне тыйым салынады.
Құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар Бірыңғай оператормен кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан немесе жергілікті атқарушы орган үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат бергеннен кейін ғана жасалатындығын көрсете отырып, көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жарнамасын жүзеге асыруға құқылы. Жарнамада құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Үлескердің құқықтары:
1) осы Заңның 22-бабында айқындалған ақпаратты алуға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге;
3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уәкілетті компанияның тиісінше орындауын талап етуге құқылы.
Үлескердің міндеттері:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол емес тәртіппен ақша салуға;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уақтылы орындауға;
3) көппәтерлі тұрғын үйді тіркелген пайдалануға қабылдау актісі болған кезде үлескер уәкілетті компаниядан хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесін беру туралы шартқа қол қоя отырып, көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға;
4) іс жүзіндегі мекенжайы және (немесе) басқа да дербес деректері өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті компанияны күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.
Уәкілетті компания құрылыстың барысы мен сапасына бақылауды қамтамасыз ету бойынша жауапты болады.
Уәкілетті компания үлескерлермен жасалған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта айқындалған талаптарда көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы үшін енгізілген ақшаға билік етеді және мыналар:
1) үлескерлер ақшасының нысаналы және уақтылы пайдаланылуы;
2) объектіні салу кезінде нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын сақтау;
3) пайдаланылатын құрылыс материалдарының, конструкциялардың, жабдықтардың сапасы және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;
4) объектіні пайдалануға тапсыру мерзімдері;
5) үлескерге оның үлесін беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тұрғын үй қ