Саран қаласының әкімі Еркін Энглисұлы Баулыков пен мемлекеттік мекемелердің басшылары Саран қаласының және Ақтас кентінің тұрғындарымен кездеседі.
Халықпен кездесу:
2023 жылғы 19 желтоқсан күні сағат 13.00-де Саран қаласы Мәдениет үйінің ғимаратында, 2 қабаттың фойесінде;
2023 жылғы 20 желтоқсан күні сағат 13.00-де Ақтас кенті мәдени-сауық орталығының ғимаратында, 1 қабаттың фойесінде өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-72137) 7-40-16 телефон бойынша немесе sar_apparat@krg.gov.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.