Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) Саран қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қарағанды облысының Саран қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Саран қаласы әкімінің орынбасары Дастан Ботабекович Арнешев тағайындалсын.

3. Саран қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Дастан Ботабекович Арнешев осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы шешім 2023 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Саран қаласының әкімі                                                                 Е. Баулыков

 

Шешім