
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2023 жылғы 21 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ Ашық есік күнін өткізеді.
Күннің басты тақырыбы: "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар".
Әлеуметтік кодексте зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты қандай жаңалықтар қарастырылған? Бұл жағдайда қандай жаңа тәсілдер қолданылады? Бұл жаңашылдықтардың қандай артықшылықтары бар? Олар іс жүзінде қалай жүзеге асырылады? – осы және өзге де сұрақтарға БЖЗҚ мамандары жауап береді. Нақты мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, енгізілген жаңалықтардың қолданылу тетігін түсіндіреді. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырып, қызықтырған сауалдарға жауап береді.
Ашық есік күні 2023 жылдың 21 қыркүйегінде онлайн-форматта өтеді
11:00-12:00 дейін - қазақ тілінде;
12:00-13:00 дейін - орыс тілінде;
15:00-16:00 дейін - қазақ тілінде;
16:00-17:00 дейін - орыс тілінде өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдіруші сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mb660255f67588b68a23cdc1c2a50c270 бойынша өтуі керек, содан кейін event-кеңестің нөмірін енгізу қажет: 2511 473 0253 және event-кеңестің паролі: 123456
«БЖЗҚ» АҚ-дағы Ашық есік күніне шақырамыз:
Әлеуметтік кодекс жаңашылдықтарына түсініктеме береміз
Халық арасында өткізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында "БЖЗҚ" АҚ 2023 жылғы 21 қыркүйекте "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар" тақырыбында Ашық есік күнін өткізеді.
БЖЗҚ ұйымдастырған Ашық есік күніндегі онлайн-кездесуде Қор мамандары қатысушыларға 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне байланысты зейнетақымен қамсыздандыру саласында қандай жаңалықтар енгізілгені туралы түсініктеме береді.
ҚР Әлеуметтік кодексі Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейту, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан зейнеткерлерге зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану, жерлеуге берілетін төлем көлемін ұлғайту, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), зейнетақы жарналарының баршаға арналған міндетті сипаты, комиссиялық сыйақыны төмендету, емделуге және тұрғын үйге біржолғы зейнетақы төлемдерін алудың жаңа қағидалары бойынша бірқатар жаңалықтарды көздейді.
БЖЗҚ мамандары нақты мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, енгізілген жаңалықтардың қолданылу тетігін түсіндіреді. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырып, қызықтырған сұрақтарға жауап береді.
Отандастарымызды, барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ, БАҚ өкілдерін Әлеуметтік кодекстің зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты негізгі ережелерін талқылауға арналған онлайн-кездесуге шақырамыз. Бұл журналистерге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды түсіну және БАҚ-та жариялау үшін, сондай-ақ, кездесудің барлық қатысушыларына пайдалы болады деген үміттеміз.