Саран қаласының Құрметті азаматы қайтыс болды

Саран қаласының Құрметті азаматы қайтыс болды

Саран қ. Құрметті азаматы, профессор, Қазақ гуманитарлық заң университеті Алматы заң академиясының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші төрағасы запастағы генерал-лейтенант Болат Әбдірахманұлы Баекенов өмірден озды.

Б. Баекеновтің бүкіл өмірі - Отанға, таңдалған іске жанқиярлықпен қызмет етудің, өзінің мұраттары мен сенімдеріне адалдықтың жарқын үлгісі.

Б. Баекенов 1942 жылы 21 қарашада Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында әскери қызметшінің отбасында дүниеге келген. 1960 жылы Орал ауыл және орман шаруашылығын механикаландыру техникумын бітіргеннен кейін Болат Әбдірахманұлы Қарағанды облысының Саран қаласына жұмысқа жіберілді. ААФЖЕҚ жергілікті қалалық комитетінің автомотоклубын басқарды, содан кейін автобазаның автомеханигі болып жұмыс істеді, сонымен бірге автомотоклуб курстарында сабақ берді, Қарағанды университетінің тарих факультетін сырттай тәмәмдады. Саран қаласында жұмыс істей отырып, Б.  Баекенов жақсы шынығып, жауапкершілік, әділдік, принциптілік сияқты қасиеттер көрсетті. Бұл әрі қарайғы еңбек қызметі үшін сенімді іргетасқа айналды.

Б. Баекенов қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосты. Әр уақытта ол Саран қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Саран қаласы қалалық комсомол комитетінің екінші, кейінірек бірінші хатшысы, Қарағанды облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі болды.

1975 жылдан бастап КСРО МҚК жоғары мектебінің арнайы курстарын бітіргеннен кейін Б. Баекенов республикамыздың әртүрлі облыстарында МҚК органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, Қаз КСР МҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды, 1991 жылдан 1993 жылға дейін Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы болды. 1993 жылдан 1994 жылға дейін елдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығын басқарды. Содан кейін 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ басшысы, 1995-1997 жылдары «Сауран» ЖШС президенті, содан кейін «Групп - 4 Секьюрити Казахстан» фирмасы бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1997 жылдан 2001 жылға дейін ел Президентінің Күзет қызметінің бастығы болды.

Болмысынан бей-жай қарамайтын Болат Әбдірахманұлы әрдайым оған жүгінген адамдардың барлығына көмек пен қолдау көрсетуге, қарапайым азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге тырысты. Ол қалалық және облыстық Халық депутаттары кеңесінің депутаты, облыстық партия комитетінің мүшесі, Көкшетау және Алматы облыстық партия комитеттері бюросының мүшелігіне кандидат болып сайланды.

Көп жылғы еңбегі, жауапкершілігі, белсенді азаматтық ұстанымы үшін Б.Баекенов жоғары үкіметтік наградаларға ие болды.

Болат Әбдірахманұлы Баекенов туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

Туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

 Саран қаласының әкімдігі, Саран қалалық мәслихаты