Саран қаласы әкімінің орынбасары болып Сағынбек Жаңбырбайұлы Бейскеев тағайындалды.

Саран қаласы әкімінің орынбасары болып Сағынбек Жаңбырбайұлы Бейскеев тағайындалды.

2023 жылғы 18 шілдеде аппараттық мәжілісте жаңа орынбасарды Саран қаласы әкімінің м.а. Алмас Рымқұлұлы Сүлейменов таныстырды.

Сағынбек Жаңбырбайұлы 1985 жылы 13 қаңтарда Қарағанды облысы Приозерск қаласында дүниеге келген. "Экономика", "Психология" мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, сондай-ақ музыкалық-педагогикалық білімі бар. ҚР ӘҚ қатарында қызмет етті. Приозерск қаласының өнер және спорт мектебінде жұмыс істеді, Приозерск қаласының жастар-ресурстық орталығының директоры, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Приозерск қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Үйленген, 2 баласы бар.