Құрметті Саран қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Саран қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2023 жылы 28 маусымда Саран қаласында Құрбан айт мерекесі кезінде мал союға арналған орын белгіленгені туралы хабарлаймыз. Құрбандық шалуға арналған арнайы орын ветеринарлық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді.
Мал сою пунктінде штаттық ветеринарлар, қалалық аумақтық ветеринарлық инспекция мен ветеринарлық станция қызметкерлері бар ветеринарлық-санитарлық зертхана жұмыс істейтін болады.
Мал сою пункті Саран қ., 046-есептік орам, 480-учаске. мекенжайында орналасқан. Бекітілген мал сою орнында құрбандық шалу қалада сағат 6:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі.
Белгіленбеген жерлерде мал союды ұйымдастыруға тыйым салынатынын еске саламыз.