БЖЗҚ-да ашық есік күні өткізіледі

БЖЗҚ-да ашық есік күні өткізіледі

"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2023 жылғы 22 маусымда "Ашық есік күнін" өткізеді.   

Шараның басты тақырыбы - "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы".

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарына қатысты ең көп талқыланатын мәселелердің бірі – зейнетақы төлемдерін қалыптастыру, өйткені, әрбір адам болашақта лайықты зейнетақы алуды армандайды.

Оған қалай қол жеткізуге болады? Болашақ төлемдеріңізді қазірдің өзінде қалай есептеу керек? Ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы мөлшерін қаншалықты көбейтеді? Инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға зейнетақы жинақтарының бір бөлігі аударылған жағдайда зейнетақымның мөлшері қалай өзгеретінін қалай білуге болады?

Осы және басқа да сұрақтарға Қор мамандары жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" 22 маусым күні онлайн-форматта өтеді:

11:00-12:00 дейін - қазақ тілінде;

12:00-13:00 дейін - орыс тілінде;

15:00-16:00 дейін - қазақ тілінде;

16:00-17:00 дейін - орыс тілінде өтеді.   

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=me2f18a0d8d2b8df3c3e67664b319609a. Содан кейін event-кеңестің нөмірі 2518 964 8257  мен паролін 123qwE енгізіңіз.        

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді! 

 

 

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2023 жылдың 22 маусым күні "БЖЗҚ" АҚ "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы"  тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді..

Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шарада БЖЗҚ мамандары қатысушыларға зейнетақыны жоспарлаудың маңыздылығы, болашақта лайықты төлемдер алу үшін қандай мүмкіндіктер бар екендігі туралы баяндайды.

Бұл кездесу болашақ төлемдерін жоспарлауды қалай бастауға қызығушылық танытқандар үшін де пайдалы болады. Ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы жинағының мөлшерін ұлғайтуға көмектесе ме? Қор қызметкерлері БЖЗҚ сайтындағы және БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы "Зейнетақы калькуляторын" қалай пайдалану керектігін көрсетеді. Сіздің болашақ төлемдеріңізде қай құрамдауыш басым болатынын айтады. Калькулятордың мүмкіндіктері тек осы функциялармен ғана шектелмейді, сонымен қатар зейнетақы жинақтарын біржолғы пайдалану жоспарланған жағдайда зейнетақы төлемдерін есептеуге мүмкіндік береді. Калькуляторда, сондай-ақ, заңнамада көзделген түзету коэффициентін ескере отырып, қауіпті және зиянды өндірістерде кемінде 60 ай жұмыс істеген қызметкерлер үшін БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерді көбейтудің есебі де бар.

"Зейнетақы калькуляторының" көмегімен зейнетақы жинақтарын аннуитетке аударған жағдайда сақтандыру ұйымынан берілетін сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің сомасын есептеуге болады. Бұл есептеулер төлемдердің қай мерзімде жүзеге асырылатынын, оларды жүзеге асыру кезеңін, тіпті бірінші төлемнің мөлшері қандай болатынына дейін түсінуге және оның сізге қаншалықты тиімді екенін салыстырып, өз таңдауыңызды жасауға көмектеседі.

Салымшылар үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігі инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға аударылған жағдайда зейнетақы төлемдерінің серпінін көруге мүмкіндік беретін есептеу де қызықты болады.

Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ, БАҚ өкілдері шақырылады. Шараға қатынасу журналистерге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты тақырыптарды насихаттауда пайдалы болады деп үміттенеміз.