Саран қаласы мен Ақтас кенті тұрғындарының назарына!

Саран қаласы мен Ақтас кенті тұрғындарының назарына!

2023 жылғы 20 маусымда Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмас Рымқұлұлы Сүлейменов Саран қаласы мен Ақтас кентінің  тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Халықпен кездесу:

сағат 11.00-де Ақтас кентінің «Нұрлы жол» қазандығының аумағында,

сағат 19.00-де Саран қ., Чкалов к-сі, 55, 57, 57а, 59 мекенжайы бойынша өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) (8-72137) 7-40-16 телефоны арқылы қалдыруға немесе sar_apparat@krg.gov.kz электрондық поштасына жіберуге болады.