
Саран қаласының білім бөлімі хабарлайды: 2023 жылдың
10 қаңтарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты, қала мектептерінде бірінші және екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматына көшеді,
10-11 сынып оқушыларының сабақтары штаттық режимде оқытылады.
Сонымен қатар, ата-аналар ауа-райының қолайсыздығына байланысты, мектептің қашықтығын ескере отырып, баланың мектепке баруы немесе бармауы туралы шешім қабылдауы мүмкін және шешімі туралы сынып жетекшісіне хабарлау қажет екенін ескертеміз.