Құрметті Саран тұрғындары!

Құрметті Саран тұрғындары!

15 қаңтардан бастап қалалық қоғамдық көлікте жол ақысын ONAY! электрондық төлеу жүйесі іске қосылады, ол Алматы мен Қарағандыда табысты жұмыс істеп жатыр.
Жақын арада Саран тұрғындарына электрондық төлем жүйесінің артықшылықтары қолжетімді болады:
- пайдалану ыңғайлылығы;
-төлемдер бойынша толық және сенімді ақпаратқа қол жеткізу;
- төлем қауіпсіздігі және картадағы қаражаттың қауіпсіздігі;
-жол ақысын төлеудің бірнеше әдісі - ONAY! көлік картасы, ONAY! қосымшасындағы QR коды немесе көлік коды бойынша, SMS-код арқылы;
-Қарағанды мен Алматыда жол ақысын төлеу үшін көлік картасын пайдалану мүмкіндігі;
- қосымшада автобустардың қозғалыс маршруттарын қадағалау және т.б.
Электрондық төлем жүйесі ашық. Тасымалдаушылар жолаушылар ағыны туралы деректерді көреді, сондықтан маршруттарды жоспарлай алады, ал жергілікті атқарушы органдар автопарктерге субсидия мөлшерін есептей алады.

Саран тұрғындары үшін картаның төрт түрі бар - Бірыңғай, Әлеуметтік, 7-15 жастағы бала, 1-11 сынып оқушылары.

Бірыңғай карта
Картаның құны - 500 теңге, Саран қалалық көлігінде жол жүру ақысы - 60 теңге.
Сатып алу үшін құжаттар қажет емес.
Саранда Бірыңғай карталар мына мекенжайлар бойынша сатылады:
- Optima супермаркеті, Жамбыл көшесі, 85А
- «Сарыарқа нан» дүңгіршегі, Жәкенов көшесі, 18 құрылыс
- «Гастроном» дүкені, «Сарыарқа нан» бөлімі
Қарағандыда - ONAY! қызмет көрсету орталығында (Коммунальная көшесі,3).

Әлеуметтік карта
Оны барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанындағы:
- әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар;
- көпбалалы отбасылар;
- жетім балалар;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім алушылары мен тәрбиеленушілері ресімдейді.
Әлеуметтік картаны ресімдеу үшін «Саран қаласының білім бөлімі» ММ-не немесе ONAY! қызмет көрсету орталығындағы (Қарағанды, Коммунальная көшесі, 3) кеңесшілерге хабарласу қажет.
Картаның бастапқы шығарылымы тегін. Жол жүру құны - 0 теңге.

Жеңілдік беру мерзімі 01.09-дан 30.06-ға дейін. Жылдың қалған уақытында да карта белсенді болады, бірақ жеңілдік қолданылмайды, яғни карта бойынша жол жүру құны 60 теңгені құрайды.

Карталар, оларды шығару және қайта шығару шарттары туралы толық ақпаратпен onay.kz сайтынан