Қоғамдық талқылау үшін Қазақстан Республикасының заң жобаларына нормативтік-құқықтық саясат жөніндегі консультативтік құжаттар

Қоғамдық талқылау үшін Қазақстан Республикасының заң жобаларына нормативтік-құқықтық саясат жөніндегі консультативтік құжаттар

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысы қағидаларының 16-тармағына сəйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.

Сілтеме:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14093904

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14093982

Консультативтік құжаттарды талқылау мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды және ағымдағы жылдың 3 маусымына дейін жалғасады.