САРАН ҚАЛАСЫНДА КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

САРАН ҚАЛАСЫНДА КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

Саран қаласында өңір бойынша бірінші болып кезекте тұрған көп балалы аналардың тұрғын үй мәселесі толық шешілді. Тәуелсіздік күні қарсаңында өңір басшысы Жеңіс Қасымбек жаңа құрылыстағы пәтерлердің кілттерін табыс етті. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кезекте тұрған 120 көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды асырап отырғандар қолжетімді баспана алды. Саран қаласында пәтер кезегінде 46 көп балалы ана тұрған болатын. Енді олар жалдамалы немесе шағын пәтерлерде тұрмайтын болады. Бұл отбасыларға жаңа салынған үйлерден кең пәтерлер берілді.

- Бүгін керемет оқиға. Біз жаңа көпқабатты үйлердің кілттерін тапсырамыз. Менің ойымша, бұл еліміздің Тәуелсіздік күніне және алдағы жаңа жылдық мереке қарсаңында жасап отырған тамаша сыйлық. Бұл бес қабатты үйде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасалған, - деді Жеңіс Қасымбек.