
2022 жылғы 4 сәуірде «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысы әдеп жөніндегі уәкіл Кайырбек Данияр Саран қаласы мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді, онда мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тартуға және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін жаңа редакцияда бекітуге қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.
Қызметтік әдеп нормаларын түсіну және қолдану мәселелері қозғалды, мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаттары (адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық және клиентке бағдарланушылық) айқындалды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, қаржылық бақылау және декларация тапсыру туралы айтылды.