
Ү.ж. 31 қаңтарда онлайн режимінде Абай ауданы әкімінің орынбасары Қ.Б. Қабдуалиеваның төрағалығымен «KamaTyres KZ» ЖШС автобус кешеніне кадрларды іріктеу бойынша «KamaTyres KZ» ЖШС персоналды басқару бөлімінің басшысы П.Н. Бухминнің, Абай ауданының елді мекендері әкімдерінің, Абай ауданының, Саран қаласының жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Алдын ала болжам бойынша, аталған кәсіпорын 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашады.
Кадрлық құрамды қабылдау 2021 жылғы қаңтардан басталды және бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
Кеңес қорытындысы бойынша Абай ауданында «KamaTyres KZ» ЖШС қатысуымен бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда, Қарағанды облысының халықты жұмыспен қамту орталықтарында кәсіпорынның әңгімелесу өткізу кестесі жасалды.