Камералдық бақылау қызметінің нәтижелері

Камералдық бақылау қызметінің  нәтижелері

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы бақылауға уәкілетті.

Бақылау аудиторлық іс-шаралар жүргізу арқылы, сондай-ақ камералдық бақылау арқылы жүргізіледі.

2020 жылдың 8 айында камералдық бақылаумен 863,2 млрд. теңге сомасына 99 573 лот қамтылды және 2 989 лотта (3%) 93,6 млрд.теңге сомасына заңсыздық анықталды.

Өңірлерде анықталған заңсыздықтармен қосымшада көрсетілген хабарламаларға сәйкес мемлекеттік сатып алудың веб-порталында танысуға болады.

Мамандар біліктілігінің төмендігіне, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды зерделемеуге байланысты ұйымдастырушылар бұндай заңсыздықтарға үнемі жол беретінін атап өту қажет.

Жекелеген бағыттар бойынша камералдық бақылаудан басқа, Департамент конкурстық комиссиялардың, тапсырыс берушілердің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың шешімімен келіспеген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайды.

Шағымдардың тиісті тізілімі уәкілетті органның қабылдаған шешімдерімен бірге мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылған.

Осылайша, әрбір тапсырыс берушінің осындай заңсыздықтарға жол бермеу үшін қабылданған шешіммен танысуға мүмкіндігі бар.

Камералдық бақылаудың жауап қайтару шараларына камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған заңсыздықтарды жою туралы хабарламаны міндетті түрде орындау үшін барлық мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жіберу жатады.

Хабарлама орындалмаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру көзделген.

(анықтама үшін 2020 жылы 2 нысан («Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ) «Балқаш қаласының құрылыс бөлімі» ММ")

Сондай-ақ, жіберілген хабарламаны орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту шарасы көзделген.

Есепті күнге лауазымды тұлғаларға қатысты 17 әкімшілік хаттама толтырылды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-saran/documents/details/70703?lang