"Senim109" қызметінің операторлары Саран тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарын қабылдай бастады

"Senim109" қызметінің операторлары Саран тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарын қабылдай бастады

"Senim109" қызметінің операторлары Саран тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарын қабылдай бастады

"Senim 109" бірыңғай үйлестіру орталығы облыстың бірнеше қалаларының коммуналдық кәсіпорындарын біріктіреді, қала тұрғындары мен мемлекеттік, коммуналдық мекемелер арасындағы диалогтың бірыңғай платформасы болып табылады. Қарағанды қаласы және жақында қосылған Теміртау,Абай, Шахтинск тұрғындары орталық  қызметтерін белсенді пайдаланады. Осы қалалардағы табысты жұмыс тәжірибесін және қызметтеріне өңірдің барлық қалалары мұқтаж екенін ескере отырып, "Senim109" қамту географиясын кеңейтуді жалғастыруда. 2020 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Бірыңғай үйлестіру орталығы 44 000-ға жуық тұрғыны бар  Саран қаласы жұмысын бастайды.  Сall-орталыққа бірыңғай ағынмен түскен өтініштер , өңделеді және Саран қаласының 13 мемлекеттік және "Саранькоммунсервис" атаулы коммуналдық мекеме арасында бөлінеді. Олардың әрқайсысы Бірыңғай үйлестіру орталығы жүйесіне қосылған.      

"Аталған мекемелер біздің қызметіміздің арқасында азаматтардың өтініштерін жедел және ыңғайлы түрде қабылдап, оларға жауап бере алады. Біз азаматтардың проблемалары тек естіліп қана қоймай, шешілгенін қалаймыз. Бұл "еститін мемлекет" бағдарламасы мен Президенттің жақында жасаған Жолдауы. Облыстың басқа қалаларындағы жұмыс нәтижелері бойынша біз азамат пен мемлекет, коммуналдық қызметтер арасындағы екі жағынан да қалыптасқан, жедел, сындарлы диалог халықтың өмір сүру сапасын арттыратынын түсіндік. Біз жыл соңына дейін бүкіл облысты қамтуды жоспарлап отырмыз", - дейді "Senim109" Бірыңғай үйлестіру орталығының директоры Рахат Сәдуақасов.

Senim 109 қызметіне жүгіну жолдары:

- 109 қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз (қоңырау қалалық және ұялы телефондардан тегін);

- портал senim109.kz;

- WhatsApp: 8701 7 109 109;

- Telegram-bot: senim109kz_bot;

- Instagram: @senim109.kz (мессенджерде хабарлау немесе кез келген хабарлама бойынша түсініктеме арқылы);

- Facebook: @senim109 (мессенджерде хабарлама немесе кез-келген хабарлама бойынша түсініктеме арқылы);

- ВКонтакте: Senim109-Қарағанды

Естеріңізге сала кетейік, Senim109 қызметінің операторлары тәулік бойы жұмыс істейді.

 Анықтама:

«Senim 109» бірыңғай call-орталығы Халыққа қызмет көрсетудің барлық бағыттары бойынша кеңес береді және өтінімдер қабылдайды:

- коммуналдық қызметтер (ашық люк, қоқыс шығару, коммуналдық қызметтер, суды өшіру, ПИК жұмысы және т. б.);

- денсаулық сақтау (медициналық қызметтер, тегін дәрі-дәрмектер, дәрігерге жазылу, SMS және т. б.);

- білім беру (балабақшаға кезек, оқуды тоқтату, мектепке қабылдау, мектеп жанындағы лагерь, үйірмелер, тегін тамақтану, т.);

- автокөлік (қоғамдық көлік, автомобиль жолдарын ұстау, қоғамдық көліктегі тарифтер және т. б. );

- абаттандыру (тротуарлар орнату, жарықтандыру тіректерін, орындықтар мен урналар орнату және т. б.);

- ветеринария (қаңғыбас жануарлар);

- жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау;

 

Қосымша сұрақтар бойынша:

"Senim109" баспасөз қызметі

Дәния Жұмағазина  - +7 701 356 6944