Меню

Страницы

Статья

ЖКХ

Тұргын   үй-коммуналдық шаруашылығы - ол қаланың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, адамдардың қауіпсіз, ыңғайлы және жайлы тұруын және онда болуын, аумақты абаттандыруды, адамдарға көліктік қызмет көрсету, тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын жақсарту, жарықтандыру, сондай-ақ аумақтарды жабдықтау және көгалдандыру бойынша іс-шаралар құратын экономика салаларының кешені.

Қаланың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету үшін 2023 жылы құрамында сынабы бар шамдарды жинауға арналған контейнерлерді орнату жұмыстары жалғастырылды, оларға ай сайын қызмет көрсету қамтамасыз етіледі. 2024 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша осы контейнерлердің 29 бірлігі орнатылды. Бұл іс-шаралар қалдықтарды бөлек жинауды, сондай-ақ қауіпті қалдықтарды тиісті түрде жоюды қамтамасыз ету бөлігінде «Жасыл экономика» бағытын іске асыруға мүмкіндік береді.

Біздің қаламыздың аулаларында контейнерлік алаңдарды жайластыру жұмыстары жалғастырылды. Өткен жылы тағы 11 қоқыс алаңы немесе 44 контейнер жабдықталды. ҚТҚ шығару, кәдеге жарату және көму тарифтері бекітілді. Осылайша, ҚТҚ жинау мен өңдеуді сапалы қамтамасыз ету үшін барлық қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды.

2023 жылдың сәуір айында 5 алаң немесе 20 контейнер көлемінде ҚТҚ (қатты-тұрмыстық қалдықтарды) бөлек жинауға арналған келесі мекен-жайлар бойынша:. 1А ы/а, 2 үй 1А, ы/а., 14 үй, 1А ы/а., 8 үй,. Горняк ы/а , 3-үй,. Горняк ы/а. 145 үй алаңдарын жайластыру жұмыстары аяқталды..

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен көктемгі және күзгі профилактикалық дезинсекция (өңдеу көлемі 44 000 ш.м. құрайды) және дератизация бойынша жұмыстар атқарылуда (өңдеу көлемі 44 000 ш.м. құрайды) 164 205 ш.м.). Өткен жылы демеркуризация, дезинсекция (3,9 га), дератизация (164,9 мың ш.м.), қаланы санитарлық тазарту және рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстары жүргізілді.

Қаланы ағымдағы абаттандыру шеңберінде көшелер жарығын күтіп ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру үшін электр энергиясын төлеуге арналған шығыстар көзделген, шамдарды кезең-кезеңмен энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қаланың қоғамдық орындарын, скверларын таза және тәртіпте ұстау бойынша жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, скверлерді күтіп ұстау аясында шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде, ағаштарды әктеу, жасыл желектерді суару және күту жүргізілді.Сұңқар стадионының, Ленин даңғылы бойынша, Рабочая көшесінің, 9 және 13 үй 1А ықшам ауданы арасындағы скверлерді күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде., , Кужанов көшесі бойынша, Қазынашылық ауданында, Шахтерская көшесі, Жеңіс көшесі, Абай көшесі, Жамбыл көшесі 76, Жамбыл көшесі Ленин даңғылынан Саранская көшесіне дейін, Чкалов көшесі, Үшбұрыш (кіреберіс арка ауданы), Рабочая көшесі, 9 және 13 үйлер арасында, 1А ы/а. «Бартерный» дүкеннің  жанындағы скверлар бойынша .

«Жастар арманы» әмбебап скейт-паркін, әмбебап памп тректі орнату, әткеншек паркін құру, абаттандыру элементтерін орнату (Жамбыл көшесі, қала бойынша аулалар), Осипенко көшесі бойындағы алаңдарды абаттандыру 4 бірлік (Жеңіс көшесі 38А, 40А, Ленин даңғылы, Жамбыл көшесі  55, Абай даңғылы 17)., футбол алаңын жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілді

Өткен жылы Жеңіс көшесі 38А, Жамбыл көшесі 55, Абай көшесі 17 және

Кеншілер ы/а № 23 үйдің жанындағы мекенжайлар бойынша 4 бірлік футбол алаңын жайластыру жұмыстары аяқталды.

Чкалов көшесі бойындағы скверді абаттандыру, Саран қаласының көп қабатты үйлері мен жеке секторының аулаларында 18 балалар және спорт алаңдарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, Саран қаласының тротуарлары мен аулаларында 204 бірлік көлемінде орындықтар мен урналар орнату жұмыстары аяқталды.

Саран қаласы бойынша саны 10 дана аялдама павильондары орнатылды.

Коммуналдық меншіктің сақталуын және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында біздің қаламызда орналасқан 386 бейнебақылау камерасынан бейнеақпарат беріледі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде бағдаршам объектілерінің жұмысын қамтамасыз ету  бойынша Саран қаласында 100 бірлік жол белгілерін,  5 жарықдодты проектор (қосымша тіректер орнатылған проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі), (2 бірлік) белсенді жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді.

Саран қаласы бойынша көше жарықтандыру тіректерін орнату бойынша 97 бірлік көлемінде жарықдодты шамдармен жұмыс жүргізілді (Кужанов көшесінің ауласы №№ 13-21 үйлер, Кужанов автомобиль жолы, тротуар (МҮ-нен Кужанов көшесі 19 үйге дейін),  Кеншілер ы/а (Макаренко көшесінен Еңбек көшесіне дейін), Дубовка кенті (№2 мектептен Дубовская көшесіне дейін, айналма жолдан 2 ы / а  №9 үйге дейін), Северный көшесі бойынша 35 бірлік жарық диодты шамдармен, Нұркен көшесі бойынша 63 бірлік шамдарды және кабельді ауыстыру бойынша көше жарықтандыру тіректері орнатылды.

Қалаішілік тасымалдардың тұрақтылығын сақтау үшін 2024 жылы № 90 «Саран-Ақтас» әлеуметтік маңызы бар қала маңындағы бағыты, №1б «5 квартал – РТИ зауыты» қалалық маршруттары; №2 «Саран – Кіші Саран кенті»; №3 «106 кенті – жоспарлы кенті»; №4 «5 квартал» субсидиялар төленеді - Финский кенті»; № 9 «Угольный кенті-Дубовка кенті»; №212 "1А ықшам ауданы – «Маяк» саяжайы; №214 «Саран – Химик» саяжайы; №215 «1а ықшам ауданы – «Горняк» саяжайы, маршруттар қозғалысының схемалары мен кестелері бойынша мәселелер пысықталуда.

Өткен жылы қаланың автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша 9 квартал аулаларының орамішілік автожолдарына, Кутузов көшесінің (0,58 км), Степная көшесінің, Саран қаласындағы Луговая көшесінің автожолдарына, № 7 мектеп-интернаттан 2 ы/а дейінгі автожолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Саран қ. РТБ кенті, 6, 7, 9, 21,22 квартал аулаларының орамішілік автожолдарын орташа жөндеу бойынша, Чкалов көшесі 71А-71Б, орталық жылу көзіне қарай орташа жөндеу жұмыстары бойынша, қала бойынша тұрақ орындары жабдықталды. мұсылман зиратына қарай (4,85 км), ы/а-дан жолды ағымдағы жөндеу жұмыстары (ақ тас жол), Горняк ықшам ауданы 86  үйден христиан зиратына дейін (0,75 км) және 5 квартал жолына дейін (1 км). жеке сектордың қалаішілік және кентішілік жолдарын күтіп ұстау (грейдерлеу) қамтамасыз етіледі.

2024 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша  тұрғын үй алуға кезекте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж -1 053 адам тұр, оның ішінде:

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-139 адам;

Көпбалалы отбасылар-55 отбасы;

Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер-320 адам;

Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған адамдар – 2 адамf;

Халықтың әлеуметтік осал топтары – 537 адам, оның ішінде:

ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар – 1 адам;

Басқа мемлекеттер аумағындағыевых қимылдарының ардагерлері-5 адам;

1 және 2 топтағы мүгедектер-91 адам;

Мүгедек балалары бар отбасылар-28 адам;

Жасы бойынша зейнеткерлер-81 адам;

Кандасы - 3 адам;

Толық емес отбасылар-329 адам.

2023 жылдың кезеңінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан 100 пәтер берілді.

20 - пәтер жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді;

20 пәтер - көпбалалы отбасыларға берілді;

60 пәтер - халықтың әлеуметтік осал топтарына берілді, олар: зейнеткерлер, толық емес отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедек адамдар, оның ішінде мүгедек-арбашылар, қандастар.

2023 жылдың кезеңінде тұрғын үй алуға кезекте тұрған 184 адам есепке қойылды; мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалпы сомасы 30 млн.880 мың теңгеге 105 пәтер жекешелендірілді.

Дата публикации
Дата обновления
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

«Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы