2023 жылыбюджеттіңкірісбөлігініңтүсімжоспарынорындау 114,3%-ды құрады, жоспарланғантүсім 13 012,8 млн. теңгеболғандабарлығы 14 878,0 млн. теңгетүсті, яғниболжамдысомадантысбюджетке 1 865,2 млн. теңгетүсті.
Санаттарбойыншаорындалуы:
салық түсімдері- болжам 4 971,9 млн. теңге болғанда орындалуы 6 760,2 млн. теңгені немесе 136%-ды құрады;
салықтан тыс түсімдер-болжам 100,7 млн. теңге болғанда, орындалуы 131,8 млн. теңгенінемесе 130,9%-ды құрады;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – болжам 189,8 млн. теңге болғанда, орындалуы 235,6 млн.теңгені немесе 124,2%-ды құрады.
Бюджетті тиімді және сапалы орындау мақсатында жыл ішінде бюджетке 3 нақтылау және 6 түзету жүргізілді.
Бұл өзгерістер толық пайдаланылмаған трансферттердің қайтарылуына, бос қалдықтың бөлінуіне, жоғары тұрған бюджеттерден нысаналы трансферттердің бөлінуіне және бюджеттің кіріс бөлігінің өсуіне байланысты енгізілді.
Бюджетті нақтылау жөніндегі барлық материалдар Қоғамдық кеңестің және бюджеттік комиссиялардың отырыстарында Заңға сәйкес қаралды.
2023 жылы қала бюджетінің шығындары төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 14009,4 млн. теңге болғанда,13636,2 млн. теңгені құрады, орындалуы - 97,3 %.