Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша мемлекеттік қолдау көрсетуде әрқашан басым бағыттар болып қала береді.
Осылайша, 2023 жылы Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің 17 түрі көрсетілді. Барлығы 3036 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 386; «электрондық үкімет» порталы арқылы - 1222; «Еnbek.kz» - 866; проактивті форматта (Е – собес) – 73; көрсетілетін қызметті беруші арқылы - 489.
Атаулы әлеуметтік көмек.
2023 жылы атаулы көмекті 52 отбасы, 220 адам алды. Көмектің орташа мөлшері бір адамға 7517 теңгені құрады.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайын қосымша төлем беріледі.
Осылайша, жыл ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі 76 балаға ай сайынғы қосымша төлем жүргізілді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау.
Бөлім ұсынылған коммуналдық қызметтер үшін есептеулер жиынтық табыстың 7%-нан асатын азаматтарға тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындауды жүргізеді.
216 отбасы (218 алушыға) 1154 жәрдемақы тағайындалды. Жәрдемақының орташа мөлшері 5311,80 теңгені құрайды.
5311,80 теңгені құрайды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу.
Саран қалалық мәслихатының «Саран қаласында және Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» 2023 жылғы 27 маусымдағы № 39-43 шешіміне сәйкес жыл басынан бері үйде оқытатын 18 балаға тағайындау жүргізілді.
Бөлім бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж 1,2 топтағы жалғызбасты мүгедектерге зейнетақыға қосымша ақы тағайындауды және төлеуді жүргізеді. 2023 жыл ішінде 5 алушыға жәрдемақы тағайындалды.
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.
Бөлім мереке күндеріне, сондай-ақ өмірлік қиын жағдай туындаған кезде материалдық көмек төлейді. 2023 жылы 5694 жәрдемақы тағайындалды.
Халықты жұмыспен қамту.
2023 жылдың 12 айында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 2 155 адам өтініш білдіріп, 2 091 адам жұмысқа орналастырылды.
Халықты жұмыспен қамту мақсатында жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға 271 адам жіберілді.
Жастар тәжірибесіне 38 түлек жіберілді.
Жобалар бойынша жұмысқа орналастырылды:
- «Күміс жас» - 61 адам;
- «Бірінші жұмыс орны» - 35 адам;
- «Ұрпақтар келісімшарты» - 2 адам.
Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқыту курстарынан (шәкіртақы төлей отырып) өтті және 35 адам жұмысқа орналастырылды.
«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 66 адам оқыды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 21 адам жіберілді.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында қалада 2023 жылға арналған «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Саран қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 78/02 қаулысы қабылданды. Осылайша, 2023 жылы квота бойынша жұмысқа: 3 мүгедектігі бар адам және оларға қатысты пробация қолданылатын және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 4 адам орналастырылды.
Саран қаласында 2023 жылы Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру жоспары 847 орынды құрады, іс жүзінде 864 жұмыс орны құрылды, жоспардың орындалуы 102%.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында 2023 жылы 14 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Саран қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,1%, облыстық 4,1%, республикалық 4,7%.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға өз ісін ашуға және кеңейтуге 10 грант берілді. Грант сомасы 400 АЕК-ке дейін немесе 1 380 000 теңгеге дейін құрайды.
Кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын жастар үшін (5 жылдан аспайтын) конкурстық негізде 7 шағын несие берілді. Шағын несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілді. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы - 5 млн теңгеге дейін.
Қарт азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек.
2023 жылы 3 әлеуметтік көмек бөлімшесінде 248 адамға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі, оның ішінде: 181 қарт адамға, 40 мүгедектігі бар балаға, 1,2 топтағы 27 мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетіледі.
Бөлімде абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламаларына (бұдан әрі -АОЖБ) сәйкес мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен, протездік - ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс ұйымдастырылды.
2021 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдар оңалту құралдары мен қызметтері тек Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылады. 2023 жылы 1645 ОЖБ орындауға тіркелді, оның 1600-і орындалды. АОЖБ-ны орындаудың жалпы көрсеткіші - 97,3%. 2023 жылға арналған орындаудың жоспарлы көрсеткіші 93%-ды құрады.
Мүгедектігі бар адамдарға көлік қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету шеңберінде «Инватакси» қызметі бойынша ағымдағы жылы 111 өтініш тіркелді, 92 адам қызметтерді пайдаланды.
Қарағанды облысының «Аманат» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасын іске асыру шеңберінде Саран қаласында 2023 жылы 16 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізілді, жоспарлы көрсеткіш орындалды.
Мүгедектігі бар балалармен әлеуметтік жұмыс.
Бөлімше қызметінің мақсаты мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдарға білікті әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету, олардың қоғамдағы және отбасыдағы өмірге уақтылы әлеуметтік бейімделуін, интеграциясын қамтамасыз ету, сондай-ақ ата-аналарға тәрбиелеу ерекшеліктері мен оңалту әдістерін оқыту болып табылады.
Жұмыс жоспарына сәйкес бөлімнің әлеуметтік қызметкерлері апта сайын топтық сабақтар өткізеді, мерекелік іс-шаралар мен шығармашылық жұмыстардың көрмелерін ұйымдастырады.
Инклюзивті білім беруді дамыту шеңберінде мүгедектігі бар балалар Саран қаласының Мәдениет үйіндегі «WITHOUT BORDERS» әлеуметтік-би студиясына барады, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар ғана емес, сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да бимен айналысады, олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттық іс-шаралар өткізіледі.
Әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтау бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
Іс-шараларды өткізу және бөлімшелердің жұмысы туралы материалдар бұқаралық ақпарат құралдары: «Саран газеті» газетінде, (facebook, instagram) интернет-ресурстарында жарияланады.