2026 жылғы 2 ақпанда Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті.
Клуб қызметінің мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
Клуб қызметінің негізгі міндеттері:
жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын анықтау;
жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша заманауи тәсілдерді әзірлеу;
жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарастыру;
жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.