2026 жылғы 2 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күні аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Саран қалалық мәслихат депутаттарының, жас сайлаушылар клубы мүшелерінің, қала колледждері студенттерінің, қалалық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен «Ашықтық. Жастар таңдайды!» атты дөңгелек үстел өтті.
Талқылау барысында қатысушылар сайлау құқығына қатысты маңызды мәселелерді қозғады, сондай-ақ жастар арасында сайлау белсенділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара қатысушылардың сайлаудың құқықтық аспектілері туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті және оларды болашақта сайлау процесіне белсенді қатысуға ынталандырды.