Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Саран қаласында Саран қалалық сайлау комиссиясының бастамасымен және қалалық білім бөлімінің қолдауымен орта білім беру ұйымдарының командалары арасында «Тәуелсіздік. Сайлау марафоны» атты зияткерлік ойын өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық және сайлау мәдениеті деңгейін арттыру, сайлауға және референдумдарға қатысуға саналы және жауапты көзқарас қалыптастыру. Марафонға қала мен Ақтас кентінің барлық мектептерінің командалары қатысты, ол екі бөлімде өтті: біріншісі – командалық зияткерлік викторина, екіншісі – көпшілік талқылау мәдениетінің дағдыларын дамытуға бағытталған пікірталастар болды. Марафон өткізу – болашақ сайлаушылардың Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің конституциялық негіздері туралы базалық білімдерін қалыптастырудың тағы бір кезеңі.