Қарағанды облысы Саран қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы Саран қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1) тармақшасына және 101-бабының 6-тармағына сәйкес Қарағанды облысы Саран қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 тамыздағы № 43/55 қаулысымен 2025 жылғы 26 қазанға № 8 бір мандатты сайлау округі бойынша Саран қалалық мәслихатының шығып қалғанның орнына депутатын сайлау тағайындалды.

Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйекке дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін.

Сайлау науқаны 2025 жылғы 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылғы 24 қазанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Барлық мәселелер бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 69/1, № 2 кабинет. Байланыс телефоны: 8 (72137) 5-12-76.

 

Қарағанды облысының Саран
қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 августа 2025