ЖОБА
«Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Саран қаласы әкімінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Саран қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Саран қаласы әкімінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6243 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Саран қаласының әкімі
|
|
Д. Бұлқайыр
|
КЕЛІСІЛДІ: Саран қалалық сайлау комиссиясы