2025 жылғы 22 маусымда Саран қаласы Ақтас кентінің әкімін сайлау өтті.
Саран қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 3-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес және Саран қаласы Ақтас кентінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6588 азамат енгізілді, олардың 3690 дауыс берді.
«Бәріне қарсымын» жолында белгісі бар бюллетеньдер саны - 113. Жарамсыз бюллетеньдер – 179.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аканов Б.З. – 2411;
Муратов А.М. – 327;
Темирова Р.К. - 657.
Саран қаласы Ақтас кентінің әкімі болып Ахметов Аканов Бауыржан Заруханович сайланды, 1988 жылы туған, Ақтас кентінде тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Саран қалалық сайлау комиссиясы