Саран қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы

Құрметті Ақтас кентінің тұрғындары!

«Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Саран қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 мамырдағы № 14/22 қаулысына сәйкес «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ-де Ақтас кенті тұрғындарының дауыс беруге қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізілуін тексеру бойынша Call-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды.

Әрбір азамат өз учаскесін нақтылау бойынша кеңес алу үшін Call-орталыққа жүгіне алады және өзінің тізімге енгізілуін күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін 7-40-07 телефоны арқылы тексере алады.

Сіз тізімдегі өзіңіз туралы деректерді арнайы құрылған sailau09.kz сайтында тексере аласыз.

2025 жылғы 7 маусымнан бастап деректерді өзіңіздің сайлау учаскеңізде тексеруге болады.

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 июня 2025