Саран қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-3-бабының 5-тармағына сәйкес 2025 жылғы 27 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну аяқталғанын хабарлайды.
Барлығы 3 кандидат, оның ішінде саяси партиялардан – 1 кандидат, өзін-өзі ұсыну тәртібімен – кандидат ұсынылды. Ұсынылған кандидаттардың арасында екі ер адам және бір әйел бар.
Кандидаттардың орташа жасы – 40 жас. Ең жас кандидат 30 жаста, кандидаттар арасындағы ең үлкен жас – 52 жас.
Ұсынылған кандидаттардың арасында екі мемлекеттік қызметші, бюджеттік ұйымның бір қызметкері бар.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-5-бабының 14-тармағына сәйкес Саран қаласы Ақтас кентінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол ағымдағы жылдың 1 маусымында жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.