Ақтас кентінің әкімі болуға кандидаттардың назарына! «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы № 2464 Конституциялық заңына сәйкес, «Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Саран қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 мамырдағы № 22 қаулысы негізінде «Саран тынысы» ЖШС Ақтас кентінің әкімі болуға кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға арналған баспа алаңдары ұсыну шарттары туралы хабарлайды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-б. 3-т. сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға үгіт материалдарын жариялау үшін шарт негізінде баспа алаңын ұсынады.
«Саран тынысы» ЖШС Саран газетіндегі 1 ш.см баспа алаңының құны 125 теңгені құрайтынын хабарлайды. Газет алаңын беру баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін газетпен жасалған баспа алаңын беру туралы жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Сайлау алдындағы үгітті қамтитын материалдарда қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс екенін естеріңізге саламыз.