2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кенті әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Саран қ. АСК
2025 жылғы 14 мамырдағы № 14/22
қаулысына
қосымша

2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кенті әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

 күнтізбелік жоспары

 

1. Ақтас кенті әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 14 мамыр

(113-1-б.1,3-т.)

 

2. Ақтас кентінің бірыңғай сайлау округі туралы оның шекаралары мен Саран қалалық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылғы 24 мамырдан кешіктірмей

(22-б 2-т.)

 

 

3. Саран қалалық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылғы 24 мамырдан кешіктірмей

 

 (13-б. 4-т.)

 

 

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 29 мамырдан кешіктірмей

 

 (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мәліметтер жариялау

 

Саран қаласының әкімі. Сайлау тағайындалғаннан кейінгі он бес күндік мерзімде-2025 жылғы 29 мамырдан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну.

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады

2025 жылдың 15 мамырында басталып, 2025 жылдың 27 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 

(113-3-б. 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттың оларға қойылатын талаптарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін белгілеу

 

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

(4-б. 4-т., 113-2-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген тұлғаларын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Әкімдіккее кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі белгіленген күннен бастап

(14-б. 8-1-т., 31-б.2-1-т.)

 

9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдауға қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Кандидат Конституциялық заңның 113-4-бабында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде.

(113-4-б. 3-т.)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және Саран қалалық сайлау комиссиясы отырысының хаттамасын ресімдеу

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы төлқұжаттық қызмет қызметкерлерін тарта отырып

Саран қалалық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде.

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

 

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партияларға (ұсынылған әрбір кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 

(113-5-б. 2-т.)

 

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2025 жылғы 1 мамырға) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну

 

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

 

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2025 жылғы 1 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 

(113-5-б. 10, 14-т.)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялау.

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-4-б. 9-т.)

 

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Саран қаласының әкімдігі және Саран қалалық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 1 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылғы 21 маусымда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

 

(27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Саран қаласының әкімдігі және Саран қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

19. Акт бойынша сайлау комиссиясына әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімін ұсыну

 

Саран қаласының әкімі. Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын 2025 жылғы 1 маусымға дейін

 

(24-б. 5-т. 26-1-б. 1-т.)

 

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2025 жылғы 7 маусымнан бастап дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

(26-б. 1-т.)

 

21. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 12 маусымға дейін

 

(18-б. 5) тш., 38-б. 2-т.)

 

22. Сайлау бюллетеньдерін дайындау. Учаскелік сайлау комиссияларына дауыс беру үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу.

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы 19 маусымнан ерте емес және 21 маусымнан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.  Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын 2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

 

25. Сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) тш., 43-б.)

 

26. Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін іліп қою

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы Саран қалалық сайлау комиссиясына хаттамаларды ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

 

 

28. Әкімді сайлау қорытындыларын белгілеу

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 25 маусымнан кешіктірмей

(113-10-б. 1-т.)

 

 

 

29. Бұқаралық ақпарат құралдарында әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны жариялау

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 28 маусымнан кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру.

 

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғару туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

2025 жылғы 25 маусымнан кешіктірмей

(45-б., 3-т. 46-б., 1-т. 113-11-б.)

 

Ескерту: күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Дата публикации
14 мая 2025