Қарағанды облысы Саран қаласы аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

Қарағанды облысы Саран қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-тармағына, 113-1-бабына, Қарағанды облысы Саран қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 мамырдағы № 14/22 қаулысына сәйкес 2025 жылғы 22 маусымға Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кенті әкімінің сайлауы тағайындалғанын хабарлайды.

Ақтас кентінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну 15 мамырда басталып, 2025 жылғы 27 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Ақтас кентінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 1 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылғы 1 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылғы 21 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады.

Барлық мәселелер бойынша мына мекенжайға хабарласу керек: Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 69/1, № 2 кабинет. Байланыс телефоны: 8 (72137) 5-12-76. 

 

Қарағанды облысы Саран қаласының аумақтық сайлау комиссиясы.

Қарағанды облысы Саран қаласы аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
14 мая 2025