Электрондық қызметтер: цифрландырудың жоғары дәрежесі және халыққа ыңғайлылық

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыс бағыты мемлекет үшін басым міндеттердің бірі болып табылады.  Қазақстанда мемлекет пен халық арасындағы қолжетімді және тиімді өзара іс-қимыл үшін цифрлық инфрақұрылым белсенді дамып келеді.

Бұл ретте, мемлекеттік органдар халыққа қызмет көрсету саласына да көзқарасты жедел өзгертуді талап етеді: мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру жөніндегі ұсыныстар, қажетті құжаттар тізбесін және қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту, бұл жиынтығында мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімін едәуір жеңілдетеді және бюрократиялық кедергілерді белгілеуді болдырмайды. Бұл әрекеттер, әрине, азаматтарға сапалы қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыруға әсер етеді.

2024 жылы Саран қаласының жергілікті атқарушы органдары 4477 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 3344 қызметті электронды түрде көрсетті, бұл халыққа және бизнеске көрсетілген қызметтердің жалпы санының 74,7%-ын құрайды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 957 өтініш қабылданды, қағаз түрінде мемлекеттік мекемелерде 176 өтініш қабылданды. Ұсынылған деректерден қызметтердің негізгі бөлігі электрондық форматта ұсынылды деген қорытынды жасауға болады, бұл Саран қаласында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін цифрландырудың жоғары дәрежесін көрсетеді.

Саран қаласының құрылған азаматтарды қабылдау орталығының арқасында қала халқы жер қатынастары, тұрғын үй қатынастары саласы, арнайы техниканы, сәулет және қала құрылысын ресімдеу мәселелері бойынша консультациялар ала алады, сондай-ақ қызметтер алуға өтініш бере алады, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазыла алады.

Цифрландыру көрсетілетін қызметті берушілер мен көрсетілетін қызметті алушыларға тікелей әсер етті. Жаңа тәсілдер мемлекеттік мекемелерден қоғамның сұраныстарына тез жауап беруге икемділік пен дайындықты талап етеді. Мәселен, өткен жыл бойы мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және «электрондық үкімет» порталын пайдалануды дәріптеуге бағытталған түрлі іс-шаралар (семинарлар, халықпен кездесулер) өткізілді. Instagram әлеуметтік желісінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жарияланымдар орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті ұсынған «Қызмет алушылар күні» акциясы аясында Ашық есік күндері және тікелей эфирлер өткізілді, олардың мақсаты мемлекеттік қызмет алушылардың заңды құқықтары туралы хабардарлығын арттыру болды. Осындай іс-шаралардың арқасында проблемалық аймақтарды анықтауға және қызмет көрсету процесін жақсартуға мүмкіндік беретін азаматтармен байланыс жасалады.

Біліктілікті арттыру курстарында «Адамдар ең алдымен: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты 4 маман оқытылып, сертификаттар алды, бұл қызмет көрсету процесіне жағымды әсер етеді.

Саран қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы жоғары деңгейде қалып отырғанын, қызметкерлердің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне 10 жыл бойы шағымдар түспегенін атап өткім келеді.

2024 жылы уәкілетті тұлғалар Саран қаласының мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша 8 іс-шара өткізді. Бақылау барысында қызмет көрсету саласындағы заңнаманы 8 өрескел бұзушылық анықталды. Заңнама талаптарын өрескел бұзуға жол берген кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі бақылау қорытындысы бойынша жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығын арттыру бойынша 19 ұсыныс енгізілді.

2024 жылы жоғары тұрған органдарға халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілді, бұл көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді қолжетімді алуын жақсартуға және ілгерілетуге органдардың мүдделілігін көрсетеді. Енгізілген ұсыныстар қолдау тапты.

Сондай-ақ, азаматтардың өтініштерін талдау қорытындысы бойынша кейбір мемлекеттік функцияларды мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу туралы ұсыныстар әзірленді, осы ұсыныстар да қолдау тапты.

2025 жылға өзіміз үшін мынадай міндеттер қоямыз: «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыру; Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын НҚА жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыру; Саран қаласының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу санын азайту бойынша жұмыс.

Дата публикации
07 февраля 2025