Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

2024 жылғы 24 қыркүйек күні Саран қаласының референдум комиссиясы отырысында өзінің шешімімен дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекітті. Шешім референдум учаскелеріне берілді.


Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Саран қаласы референдум комиссиясының
№ 30/37 ШЕШІМІ
 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік референдум комиссияларының ұсынуы бойынша референдум комиссиясы ШЕШТІ:

1.Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:         

Р/б
№

Референдум учаскесінің
№

Учаскенің орналасқан жері

1.       

№ 270

«ОПДО» ШЖҚ Саран қаласының мәжбүрлеп емдеу наркологиялық орталығы» КМК

 Саран қ., Чкалов көш., 73 үй

2.       

№ 280

«Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК,
Саран қ., Саран көш., 28 а үй

2.Бұл референдум учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.

3.Осы шешім Саран қаласының референдум комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

4.Осы шешімнің көшірмесі тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың референдум комиссиясына жіберілсін.


Комиссия төрағасы                      _____________  А. Абильдин

Комиссия хатшысы                          _____________  Д. Кусаинова



2024 жылғы 20 қыркүйек

Дата публикации
27 сентября 2024