Жоба
Қарағанды облыстық мәслихатының
____ сессиясының ШЕШІМІ
Қарағанды қ. 2024 жылғы ____ маусым
Қарағанды агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға
арналған кешенді жоспарын келісу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және «Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Қоса беріліп отырған Қарағанды агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы келісілсін.
2.Қарағанды агломерациясы жергілікті кеңесінің хатшылығы Қарағанды агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына шығару үшін уәкілетті органға жіберсін.
3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Қарағанды облыстық
мәслихаттың хатшысы