«Саран қаласы мен Ақтас кентіне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 39/01 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Жоба

«Саран қаласы мен Ақтас кентіне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 39/01 қаулысына өзгерту енгізу туралы 

          Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Саран қаласы мен Ақтас кентіне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 39/01 қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 маусымда № 28654 болып тіркелді) келесі өзгерту енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Саран қаласы мен Ақтас кентіне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«2) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;».

2.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Саран қаласының әкімі                                           Баулыков Е.Э.

 

Дата публикации
08 августа 2024