«Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

«Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін құрылыс және сәулет бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.

Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.

Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және m.chagochkina@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:

2024 жылғы 19 сәуірдегі бастап 26 сәуір аралығы

Дата публикации
19 апреля 2024