«Саран қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы» Саран қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Саран қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы» Саран қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6-тармағына, 22-бабының 2-1-тармағына сәйкес Саран қалалық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Саран қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы» Саран қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

Саран қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қалалық сайлау комиссиясының төрағасы А.А. Абильдинге жүктелсін.



Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы                                                             А. Абильдин

Қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы                                                            Д. Кусаинова

Дата публикации
29 февраля 2024