Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес Саран қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2.Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлар, үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» № 42/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-7-117 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Саран қаласының әкімі                                                                 Е. Баулыков

Дата публикации
09 февраля 2024