25 шілдеде «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі А.Өтешев Саран қаласы жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының 2.2 - бөлімі «Орта мерзімді перспективада шешуді талап ететін түйінді проблемалар» бойынша семинар-кеңес өткізді. Мемлекеттік мекемелердің басшыларына «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлықты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау, бюджет қаражатын тиімді жоспарлау ұсынылды.
