Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 42/01 қаулысына сәйкес сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жайлардың және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындардың тізбесі айқындалды.
Осы қаулыға сәйкес Саран қаласында сайлаушылармен кездесуге арналған үй жайлар анықталды:
- Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің "Достық үйі" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының акт залы (Саран қаласы, Чкалов көшесі, 3 үй, телефон 74611, 74355);
- "Ақтас кентінің мәдени-демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының шағын залы (Ақтас кенті, Кржижановский көшесі, 16-А үй, телефон 55044, 55252).
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталды:
- Саран қаласында-Жеңіс көшесі мен Ленин даңғылының қиылысындағы алаң;
– Ақтас кентінде-Первомайская көшесіндегі дүкен жанындағы алаң, 16 үй.
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ. Омаров