2022 жылғы 9 қыркүйекте қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оның барысында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына және 19-бабының 8-тармағына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды.