2022 жылғы 4 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау бойынша бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында Саран қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Қайырбек Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданғандармен кездесу өткізді. Кездесу барысында әдеп, мінез-құлық нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсініктемелер берілді.

Проблемалық немесе қызықтыратын сұрақтар туындаған жағдайда қабылдау кестесіне сәйкес Саран қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Кайырбекке немесе Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г. Р. Кабдыкаримоваға жүгінуге болады.
