Саран қаласының Әдеп жөніндегі уәкілінің этикалық семинары өтті

2022 жылғы 21 шілдеде Саран қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Қайырбек тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде, сәулет және қала құрылысы бөлімінде және құрылыс бөлімінде мемлекеттік қызметшілерге арналған ұсынымдар мен жадынамалар талқыланған семинар өткізді. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің түрлі жағдайлардағы мінез-құлқының мысалдары келтірілген.

 

Дата публикации
21 июля 2022