2022 жылғы 16 маусымда қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылдың үшінші тоқсанына арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Саран қалалық сайлау комиссиясы 2022 жылғы үшінші тоқсандағы қызметінің негізгі бағыттары: Саран қаласы мен Ақтас кентінің аумағында учаскелік сайлау комиссияларына құқықтық, әдістемелік, ақпараттық және ұйымдастыру-техникалық көмек көрсету, сайлау заңнамасын жетілдіру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы сайлау заңнамасына ұсыныстар мен өзгерістер дайындауға қатысу, сайлау комиссияларының және өзге де органдарының іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады барлық деңгейдегі сайлауды ұйымдастырушылардың құқықтық мәдениеті мен кәсіби даярлығын арттыру, оның ішінде, сайлау ұйымдастырушыларын оқытуды ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету, ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру, сайлауға қатысу мәселелері бойынша Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өңірлік бөлімшелерімен, Мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, сайлаушыларды мемлекеттік тіркеу (есепке алу) жөніндегі жұмыс практикасын үйлестіру және жетілдіру, оның ішінде "Сайлау"автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректерін өзектендіру, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сайлаушылардың және сайлау процесіне басқа да қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау.