2022 жылғы 5 маусымда Саран қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум

2022 жылғы 5 маусымда Саран қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізу барысында дауыс беру өтті. Сайлау заңнамасына сәйкес референдумның барлық 20 учаскесі сағат 7.00-де ашылып, өз жұмысын сағат 20.00-де аяқтады.

Дауыс беру мерекелік жағдайда өтті. Учаскелерде қаланың көркемөнерпаздарының концерттері өткізіліп, көшпелі сауда ұйымдастырылды. Референдумның барлық учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін жағдай жасалды. Дауыс беру барысында сайлау заңнамасын бұзушылықтар болған жоқ.

 

 

Дата публикации
05 июня 2022