Саран қаласында қалалық референдум комиссиясы мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен кеңесі өтті

2022 жылғы 3 маусымда Саран қаласында қалалық референдум комиссиясы мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен кеңесі өтті. Кеңеске жергілікті атқарушы органдардың, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтердің басшылары, қалалық полиция бөлімінің, учаскелерге бекітілген ТЖ қызметінің қызметкерлері, учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшылары шақырылды.

Кеңес барысында қалалық референдум комиссиясы төрағасының, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер басшыларының, соттың, прокуратураның 2022 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум өткізу барысында дауыс беру күнін өткізуге дайындық туралы есептері тыңдалды.

Дата публикации
03 июня 2022