Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда астана уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша Саран қаласы мен Ақтас кентінде 20 учаскелік референдум комиссиясы дауыс беруге кірісті.
Азаматтардың референдум учаскелеріне келуі ттуралы одан кейінгі ақпарат қалалық референдум комиссиясының интернет-парақшасында Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша с. 10.00-де, с. 12.00-де, с. 14.00-де, с. 16.00-де, с. 18.00-де, с. 20.00-де, азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат с. 21.00-де ұсынылады.
Қалалық референдум комиссиясы