2022 жылғы 31 Мамырда қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті

2022 жылғы 31 Мамырда қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті, оның барысында келесі мәселелер қаралды:

1.Дауыс беруді өткізуге арналған үй-жайлардың дайындығы туралы

2.Республикалық референдум өткізу кезінде короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі алгоритмді сақтау туралы

3."Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Орталық референдум комиссиясының нормативтік құжаттарына сәйкес дауыс беру күніндегі учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің іс-әрекеттері туралы.

Комиссия төрағасы Қ.Қ. Омаров комиссия мүшелеріне барлық учаскелер барлық қажетті заттармен жабдықталғанын және референдум өткізуге дайын екенін баяндады. Сонымен қатар, учаскелерде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары қарастырылған. Комиссияның барлық мүшелері сайлау заңнамасы бойынша тестілеуден өтті.

Дата публикации
31 мая 2022