2022 жылғы 30 мамырда қалалық референдум комиссиясының мүшелері 10 көшпелі семинар-тренингтер өткізді.

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес қалада референдум комиссиялары құрамының каскадты әдіс кезеңдеріне сәйкес оқыту ұйымдастырылды. 2022 жылғы 30 мамырда қалалық референдум комиссиясының мүшелері учаскелік референдум комиссияларының мүшелерімен "Республикалық референдум өткізудің құқықтық негіздері"тақырыбында 10 көшпелі оқыту семинар-тренингтерін өткізді. Семинарларды өткізу барысында Орталық референдум комиссиясы ұсынған кейстер де зерделенді.

Дата публикации
30 мая 2022