Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 111-1 бабының 6 тармағына сәйкес және "Аманат "партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы Саран қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 19 мамырдағы № 010 PQ қаулысы негізінде Саран қалалық сайлау комиссиясы:
1. Саран қаласы мәслихатының депутаты Мамирова Меруерт Магруповна өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты мандатты Шаяхметов Қайрат Үлгіліұлына берді.
2. Саран қалалық мәслихатының депутаты Шаяхметов Қайрат Үлгіліұлы, 1965 жылы туған, Саран қаласында тұратын "Казпромснаб" ЖШС директорының орынбасары, Қазақ, "Аманат "партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі болып тіркеліп, куәлік пен төсбелгіні табыс етті.
Саран қалалық сайлау комиссиясы